Ел тынысы

Астанада қалдықтарды жағатын зауыт салынуы мүмкін

Елордада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі барысында экономикалық сипаттағы 40-тан астам құжатқа қойылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оның арасында электр энергиясын өндіру үшін қалдықтарды жағатын зауыт салу туралы төртжақты келісім бар.

Shenzhen energy environment вице-президенті Ли Джоугенің айтуынша, қазір құрылыс бойынша келіссөздер басталды. Бұл ретте, компания қажет инвестиция көлемін есептеп жатыр. Осыдан кейін ғана жобаны жүзеге асыру мерзімі туралы айтуға болады.

«Оның жобалық қуаттылығы электр энергиясын өндіру үшін күніне 1,5 мың тонна тұрмыстық қалдықты жағуға мүмкіндік береді», – деді ол Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі кезінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Ол Shenzhen energy environment қоржынында дүниежүзі бойынша бірнеше осындай жоба бар екенін және компания барлық жерде ең жоғары экологиялық стандарттарға назар аударып отырғанын айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button