Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтуде



Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс XXIII сессиясы өтуде. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Еске сала кетейік, ҚР Парламенті мәжілісінде 107 депутат бар, оның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеиясы атынан сайланады.

Бұған дейін хабарланғандай ҚХА атынан 9 үміткер: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы, Божко Владимир Карпович, Жұмаділдаева Наталья Васильевна, Ким Роман Ухенович, Микаелян Наринэ Гамлетовна, Мурадов Ахмед Сейдарахманович, Нурумов Шаймардан Усаинович, Тимощенко Юрий Евгеньевич, Хахазов Шакир Хусаинович тіркелген.

astana-akshamy.kz




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button