Ел тынысы

Астанада «Қазақстан – Үндістан: өнер ынтымақтастығы» атты көрме ашылды

ҚР Президенттік орталығында «Қазақстан – Үндістан: өнер ынтымақтастығы» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында бай тарихи және рухани мұрасы бар Қазақстан-Үндістан қатынастарының екіжақты мәдени байланыстарын дамытуға бағытталған «Қазақстан – Үндістан: өнер ынтымақтастығы» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасы Елшілігінің Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығы мен Павлодар қаласының «Немалевичи» акварельдік шеберханасымен бірлесе Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат өзінің кіріспе сөзінде көрмеге келушілерге Үндістан мен оның мәдениетін отандастарымыздың көзімен және өз кезегінде Отанымызды Үнді қылқалам шеберлерінің шығармашылық қайта ойластыруында көруге сирек мүмкіндік берілетінін атап өтті. Мұндай шығармашылық синтез ұсынылған көркем шығармалармен танысу арқылы толық сезінуге болатын нақты синергияны тудырады.

Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Нагендра Прасадтың пікірінше, өнер тіл кедергілерін еңсереді және әртүрлі елдердің адамдарына эмоционалды, интеллектуалдық деңгейде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, ол кейде жай сөзбен жеткізу қиын болатын күрделі идеяларды, сезімдерді және тарихты жеткізе алады.
Өз кезегінде Үндістан суретшісі Рам Виранджан өзінің арманымен бөлісті. Ол болашақта бұл көрмені Үндістан халқы да көре алады деп үміттенеді, сол кезде оның елінің азаматтары қазақ жерінің сұлулығына таңданып, сондай-ақ қазақстандықтардың Үндістанды өнер призмасы арқылы қалай көретінін біле алады.

«Немалевичи» акварельдік шеберханасының жетекшісі Светлана Кравченко іс-шара ұйымдастырушылары мен қонақтарына алғысын білдіріп, акварельмен сурет салу кескіндемедегі күрделі әдістердің бірі екенін атап өтті. Жеңіл әрі қозғалмалы болса да, суретшіден ерекше шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететін бұл әдіс бүгінгі туындыларды одан да құнды және ерекше етеді.
Көрмеде 25 автордың 90 акварельдік жұмыстары ұсынылады. Оның ішінде түрлі мамандық иелері – мұғалімдер, заңгерлер, экономистер, медицина қызметкерлері және басқа да кәсіби емес суретшілерді бір шаңырақ астына бірлестірген «Немалевичи» акварельдік шеберханасы мүшелерінің 48 туындысы және шеберхана жетекшісі Светлана Кравченконың 21 акварельдік туындысы бар. Бұл жұмыстарда үнді елінің мәдениеті, дәстүрлері, табиғи көркемдігі суреттелген.

Сонымен қатар, көрмеде алғаш рет Үндістан суретшісі Рам Виранжанның 21 акварельдік кескіндемесі енгізілген «Қазақстанның қысқы пейзажы» атты сериялық жұмысы ұсынылады. Рам Виранжанның акварельдік туындыларында Қазақстан ауылдық жерлерінің көз тартарлық қысқы көріністері шынайы көрініс тапқан. Көрме 2024 жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button