Ел тынысы

Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің кеңесі басталды

Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші кеңесі басталды. Іс-шара Қазақстан Республикасының төрағалығымен өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Кеңеске қатысушылар: – Ресей Федерациясы Энергетика министрінің орынбасары Сергей Мочальников, – Беларусь Республикасының Энергетика министрі Виктор Каранкевич, – Иран Ислам Республикасының Энергетика министрі Мехрабиан Али Ақбар, – Қырғыз Республикасы Энергетика министрі Таалайбек Ибраев, – ҚХР Мемлекеттік энергетика басқарма басшысының орынбасары Вань Цзиньсун, – Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрі Джума Далер Шофакир, – Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов.

Кеңестің мақсаты – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика министрліктерінің басшылары 2022 жылғы 15-16 қыркүйекте Самарқанд қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әзірлеуге ұсынылған «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетикалық ынтымақтастығын дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясын» қарастырады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – қатысушы елдер үшін диалог пен ынтымақтастық алаңы болып табылатын аймақтық ұйым. Бүгінгі таңда ШЫҰ әлемдік ЖІӨ-нің шамамен үштен бірін, Еуразия аумағының 60%-ын, әлем халқының 42%-ын құрайды. Энергетика саласы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың аса маңызды бағыты болып табылады. Өйткені ол экономикалық салаға айтарлықтай үлес қосады. ШЫҰ әлемдегі ең ірі энергетикалық ресурстарды өндірушілер мен тасымалдаушыларды және тұтынушыларды біріктіреді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button