Ел тынысы

Астанада зейнеткерлер Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесті



Бүгін Байқоңыр ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қала зейнеткерлері жиналып, Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Баян Жалмағанбетовамен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл зейнеткерлермен өткен алғашқы кездесуінде омбудсмендер институтының маңыздылығы мен зейнеткерлерге құқықтық көмек көрсету мәселесіне тоқталып, жиналғандарды ашық әңгімеге тартты. Сонымен қатар аталған кездесуге қала зейнеткерлерінің мұң-мұқтажын тыңдап, оларға құқықтық, әлеуметтік қолдау көрсету үшін Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік пен Әділет департаментінің өкілі Құндыз Бекбауова қатысты. Зейнеткерлер тарапынан еңбек шартының орындалмауы, коммуналдық төлемнің өсуі, зейнетақы тағайындау, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеке мүлікке қатысты  және т.б. өзекті мәселер бойынша сұрақтар қойылды. Кездесу барысында соңғы кезде зейнеткерлердің алаяқтардың арбауына түсіп, интернет-алаяқтықтың құрбанына айналып жатқаны баса айтылды. Осы ретте,  Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі Е. Мәлік егде жастағы адамдарға алаяқтардан абай болып, одан сақтанудың жолдарын түсіндірсе, Әділет департаментінің қызметкері  Қ. Бекбауова меншік дауларын шешуде тегін қорғаушылардың  көмегімен қамтамасыз ететінін айтты.

Зейнеткерлер өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Баян Жалмағанбетова бұл кездесудің «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында өтіп жатқанын айтты. «Менің тағайындалғаныма бір айдай уақыт болды. Қазір еңбек ұжымдарымен кездесіп, құқықтық марафон өткізіп жүрмін. Мәселен, кеше білім басқармасымен кездестім. Зейнеткерлердің бүгін айтылған жеке мәселелерін қарастырып, одан әрі тиісті құзырлы органдарға жіберемін. Зейнеткерлерді жеке қабылдауыма жазып жатырмын. Барлық мәселелер бойынша 15 күн ішінде шешім қабылдауға тырысамыз. Бұндай кездесулер  халыққа жақын болып, оларға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қажет» – деп сөзін түйіндеді Баян Өмірзаққызы.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button