Мәдениет

Астанадан Шымкентке сәлем

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Шымкент шаһарына гастрольмен барды. Бір апталық сапар аясында «Астанадан Шымкентке сәлем» бағдарламасы аясында бес спектакль ұсынылды.

Атап айтқанда, «Гауһартас», «Қоштасқым келмейді», «Абай-Тоғжан» музыкалық драмалары, «Махаббат жағалауы» драмасы және «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. Бұған қоса, А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада театр ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде аталмыш театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, театр актрисасы, Канн фестивалінің лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова және басқа актрисалар мен актерлер өнерсүйер қауыммен, оқырмандармен сырласты, өз өнерін ортаға салды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button