Басты ақпарат

АСТАНАЛЫҚ ГАЗЕТТЕР АЛЛЕЯСЫ



SUL_1550

Ерке Есіл жағасында жайқалған «Арай» саябағында «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің аллеясы ашылды. Осыған байланысты екі басылымды бір шаңырақ астында біріктірген жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Сергей Кузовников бастаған ұжым мүшелері ұйымдасқан түрде 25 түп тал екті. Бұл мерейтойлық мезірет шарасына қатысқан қаламдастар өздеріне лайықты құрмет көрсеткен қалалық әкімдікке риясыз көңілден ризашылықтарын білдірді.

– Арада айналып жылдар өтер. Біз отырғызған мынау көшеттер көкке мойын созған биік бәйтерекке айналар. Бәлкім, сол кезде осында келіп, немере-шөберелерімізбен қыдырармыз. Оларды ойнатып қана қоймай, елорданың есею жолдары туралы емірене естеліктер айтармыз. Бас шаһарда ат басын арнайы бұрып барар меншікті мүйісіміздің болғаны қандай ғанибет, – дейді қуаныштан жүздері балбұл жанған әріптестеріміз.

Шын жүректен шыққан лепті лебіздерге ешқандай алып-қосарымыз жоқ.

Астана өмірінің айнасына айналған қос үнжария ойлы оқырмандарын әлі талай татымды дүниелерімен қуантарына сеніміміз мол.

Талғат БАТЫРХАН 




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button