Ел тынысы

Астаналық оқушылар ата-аналары мен ұстаздарына алғыс білдіруде



Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай елордалық оқушылар ата-аналарына және өз мұғалімдеріне алғыс ретінде челлендждер, акциялар өткізіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Барлық білім беру ұйымдарында 1 наурызда «Рақмет саған, Отаным» атты бірыңғай ашық сабақ өтуде, сондай-ақ алғыс тақтасы ұйымдастырылды.
Мұғалімдер «Алғыс айтуда шекара жоқ» тақырыбында сынып сағаттарының циклын дайындады.

Оқушылар мерекеге «Жүректен жүрекке» бейнероликтер мен флешмоб әзірлеп, сондай-ақ қарт адамдарға көмек көрсетті.

Қазір мектептерде «Алғыс шын жүректен шығады» суреттерінің фотокөрмелері, «Алғыс – ең қымбат сөз» презентациялар байқауы және құтқарушылардың балалармен кездесулері «Бізде ризашылық білдіруге себеп бар» іс-шаралары өтуде.

Қаланың музыкалық мектептерінде «Алғысым шекіз» мерекелік концерттері өтеді.

Оқушылар аналар мен әкелерге арналған «Рақмет, ата-анам!», «Ұстазым, сізге ән алғыс!», сондай-ақ «Рақмет айт» мейірімділік акцияларына белсенді қатысуда.

Мұндай іс-шаралар бүгінде қаланың мектептерінде, колледждерінде және қосымша білім беру ұйымдарында өтіп жатыр.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button