Білім

Астаналық ұстаз есепті “Тикток” арқылы үйретеді



Елордадағы №91 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Меруерт Арапбай оқушыларға есеп шығаруды “Тикток” арқылы үйретеді. Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің докторанты, педагог-модератор математика пәнін мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де береді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Сондықтан, өз балаларына ыңғайлы болу мақсатында алғаш “Тиктокта” дыбыссыз режимде сабақтарға қатысты қосымшалар түсірген. Оқушыларға ұнағандықтан осы “Тиктокпен” бір жылдан астам уақыт бейнелер жазуда.«Мен өзімнің білім беру тәжірибемде оқушыларымның білім сапасын арттыру үшін”Tикток” қолданамын. Мен екі тілде сабақ беретіндіктен менің
“Tикток” бейнелерім сөзсіз бейне режимінде жасалып, мазмұнды барлық тіл топтарына қолжетімді етеді. Бұл әдістеме маған кең аудиториямда тиімді қарым-қатынас орнатуға және оларға тілдік кедергісіз білім беру мазмұнын ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл оқушының қызығушылығын оятуға көмектеседі және оқу процесін тиімдірек және қызықты етеді», -дейді Меруерт Алімбайқызы. Меруерт Алімбайқызының шәкірттері аудандық, қалалық олимпиадалардан жүлдесіз оралған емес. Сонымен қатар ғылыми жобалармен де айналысады .«Меруерт апайдың сабақ түсіндіру тәсілдері маған ұнайды. Әсіресе, күрделі тақырыптарды “Тикток” арқылы қызықты етіп жеңіл түсіндіреді», -дейді 8 сынып оқушысы Іңкәр Ахмадиева.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button