Ел тынысы

Астаналықтарға ауа-райына байланысты ескерту жасалды



Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 7 ақпанда кешке, 8-9 ақпан күндері қала аумағында қарлы боран, көктайғақ болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Осыған байланысты құтқарушылар сақтық ережелерін еске салды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап

8-9 ақпан тәулік бойы, кейде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оқыс жағдайдың алдын алу үшін құтқарушылар елорда тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсынымдарын тыңдау, абай болу, енгізілген шектеулерге көңіл бөлу керек екенін ескертеді.

Құрылыс нысандары өкілдері халықты және аумақты қолайсыз ауа-райынан болатын жағдайдан сақтау жөнінде қосымша шаралар қабылдап, мүмкіндігінше құрылыс нысандарында құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектегені жөн.

«Боран кезінде ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құралдарды дайындау қажет. Пәтердегі электр желісінің кернеуі көтерілген кезде барлық тұрмыстық электр аспаптарын дереу тоқтан ажыратыңыз, электр қуаты кенеттен қосылған кезде өрт болмауы үшін розеткалардан тоқты суырып қойыңыз. Сондай-ақ, жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алысырақ қойып, терезелерді қатты жабу қажет», – дейді елордалық ТЖД.

Боран кезіндегі іс-әрекеттер:

Егер сіз ғимаратта болсаңыз:
– Қажет болған жағдайда ғана ғимараттан шығыңыз.
– Шығу қажет болса, қайда бара жатқаныңыз және қашан қайтып оралатыныңыз туралы отбасы мүшелеріне немесе көршілеріңізге хабарлаңыз.
– Жалғыз шықпауға тырысыңыз.

Егер сіз жолда болсаңыз:
– Үлкен жолдар мен тас жолда ғана жүріңіз.
– Машинадан шыққан кезде одан алыстамауға тырысыңыз.
– Машинаның ақаулығы болса немесе жол көрінбесе, жолдың жиегіне тоқтаңыз;
Үзіліссіз гуілдермен дабыл беріңіз, сорғышты (капот) көтеріңіз немесе антеннаға ашық түсті матаны іліңіз, автокөлікте көмек күтіңіз.

Көктайғақ кезінде құлап қалмау үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

– биік өкшелі аяқ киім киюден бас тартып, жай табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;

– жолдың жүру бөлігінде өте мұқият болыңыз, асықпаңыз және жүгірмеңіз;

– көлбеу беті бар барлық жерді айналып өтуге тырысыңыз;

– мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, бұл құлап қалу қаупін арттырады;

– аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер де мұзды «шалшықты» айналып өту мүмкін болмаса, онда оның үстінен жеңіл адыммен жүріңіз;

Есіңізде болсын, әсіресе арқамен, бетпен құлау қауіпті, басыңыздан зақым алуыңыз мүмкін. Зардап шексеңіз міндетті түрде алғашқы медициналық көмек алу үшін дәрігерге  қаралыңыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

 


Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button