Елорда тынысы

Автотұрақ қала бюджетін толықтырады



Астанада ақылы автотұрақ қызметі басталғалы қала бюджеті 2 млрд теңгеден астам сомаға толықты. Тұрақты пайдаланудан түскен сома – 202 млн теңге.

Тұрақ ақысын төлемегені үшін салынған айыппұл сомасы толығымен қала бюджетіне түседі және ол инвес­торға кері қайтарылмайды.

«Ақылы автотұрақтар жүйесі «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-нің 2,7 млрд теңгеден астам қаражатына іске асырылды. Мемлекет кірісі – 92%, ЖШС кірісі 8% құрады. Мемлекет тарапынан инвестициялар тартылған жоқ» делінген компания мәліметінде.

Елордада нөмірленуі 11**, 2***, 3***, 4*** деп басталатын ақылы автотұрақ жобасы 2022 жылдың 1 наурызында енгізілді. Аталмыш тұрақтар жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін ақылы, ал демалыс және мереке күндері тегін.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button