Елорда тынысы

Ауданды велосипедпен аралады



Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы әріптестерімен бірге ауданды велосипедпен аралады.

Жұмыс аптасының бірінші күні А.Байтұрсынов, Ж.Нәжімеденов көшелері бойын аралады. Велосапарға Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық, Жол және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармалары мен экологиялық полиция өкілдері қатысты.

Келесі күні Ақбұлақ және Есіл өзендерінің бойында, Триатлон және Президент саябақтарында өткен велосапарда Астана қаласы әкімдігі Урбанистика орталығының және мердігерлік ұйым мамандары да болды.

Жұмыс сапары барысында қарас­тырылған ең басты мәселелер – сапасыз абаттандыру, ашық құдықтар және жалпы санитарлық жағдай. Барлық кемшілік пен ескерту бақылауға алынып, мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

Ғанибет Ғалымбекұлы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button