Елорда тынысы

Ауқымды міндеттер пысықталды



Елордалық мәслихат депутаттары Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытында атқарылатын жұмыстарды саралады.

1,5 сағаттан астам уақыт бойы қаланың дамуы, абаттандыру, құрылыс, білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі және тағы басқа мәселелердің қалай шешілетіні айтылды. Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов әлеуметтік парақшасында жазды.

«Қала басшысы елордамызда жыл сайын шамамен 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, олардың орналасатын жері депутаттармен келісілетінін айтты. Яғни шешім алқалы түрде қабылданады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін әлеуметтік нысандар мен қоғамдық көлікті бейімдеу, инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды» деді Е.Каналимов.

Оның айтуынша, депутаттар теміржол ауруханасының тағдыры туралы мәселені көтерді. Жеңіс Қасымбек медициналық мекеменің бір бөлігі қайта жаңартылып, жақын арада жаңа ғимарат салынатынын жеткізді. 10 жыл ішінде елордада бірде-бір қалалық аурухана салынбағанын ескерсек, мәселе өзекті.

Ерлан Каналимов жиында АРТ спорт бағдарламасын қаржыландыру мәселесінің ашықтығын, сондай-ақ «1000 көше – сауда орны» жобасын одан әрі іске асыру мәселелерін көтерді. Кездесу соңында алға қойылған ауқымды міндеттер пысықталып, жаңа мақсаттарды іске асыруға бағытталған бірлескен нәтижелі жұмысқа сенім білдірілді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button