Ел тынысы

Тұрғындарды азаматтық қоғам мәселелері бойынша қабылдады



Елордада азаматтық қоғамды дамытуға және нығайтуға бағытталған кездесу өтті. Оған үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Шақырылған сарапшылар қатысушыларға қаржылық, құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша біліктілікті арттыру мәселелері түсіндірілді.

«Бүгінгі қабылдауды біз елорданың үкіметтік емес ұйымдарымен ұзақ мерзімді қатынастарды қолдау мақсатында ұйымдастырдық. Біз осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізуді, өзара байланыс жасауды және түрлі мәселелер бойынша әлеуметтік кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз. Бүгін әріптестерімізбен бірге маңызды тақырыптарды, оның ішінде гранттар беруді түсіндіргіміз келеді», – деді Астана қаласының ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.

Іс-шарада жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, азаматтық бастамаларды қолдау орталығының, азаматтық бастамалар орталығының, «Қазақстанның Азаматтық Альянсының», «Астана КЕҰ форумының» өкілдері сөз сөйледі.

Талқыланған тақырыптардың бірі қоғамдық және әлеуметтік жобаларды ашуға гранттар беру болды.

Кәсіпкерлерге Астана тұрғындары қандай бағдарламаларды қолдана алатыны туралы айтылды. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жоспарланған іс-шаралар туралы біле алды.

«Біздің қауымдастықта Қазақстанның барлық өңірінен келген әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау үшін комьюнити құрылды. Біз қазақстандық және шетелдік спикерлермен үнемі оқыту, семинарлар, конференциялар өткіземіз. Мысалы, биыл әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбы бойынша құрылтай өтеді. Елорданың барлық тұрғынын қатысуға шақырамыз», – деді әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының мүшесі Ерғали Баймамиров.

Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін қатысушылар іс-шараның тақырыбы бойынша өз сұрақтарын қойып, білікті мамандардан жауап алды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button