Мәдениет

ӘЗІРГЕ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА



Қазақстандық Mezzo тобы «Жаңа толқын-2021» халықаралық вокалдық байқауында екі күннің қорытындысы бойынша үшінші орында тұр.

Байқаудың бірінші күні қазақстандықтар Мэрайя Кэридің Without you әнін орындап, қазылар алқасы мүшелерінен 86 балл алды және Армениядан келген қатысушыдан кейінгі екінші орынды иеленді. Екінші күні олар Батырхан Шүкенов­тің «Дождь» композициясын шырқап, 170 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Енді финалистерді үшінші байқау кезеңі – финал күтіп тұр. Оның қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпазы анықталады.

Биыл «Жаңа толқын-2021» финалында әлемнің 9 елінен 11 қатысушы бас жүлдеге таласады. Байқауға қатысушыларды Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Сергей Лазарев, Артик-Асти, Леонид Агутин, Дима Билан және Димаш Құдайберген секілді қазылар алқасы бағалайды.

Mezzo – классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ. Олар 2012 жылы құрылған. Топта Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов ән айтады. Ұжым 2012 жылы X Factor Kazakhstan конкурсында 2-орын алып, танымал болған.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button