Ел тынысы

Бәйге түрлерінен «Елорда Кубогы» республикалық турнир өтеді

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының ұйымдастыруымен Астана күніне орай бәйге түрлерінен «Елорда Кубогы» республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Еңселі елорда төсін дүбірге толтыруға еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан таңдаулы жүйріктер Астана маңындағы «Астана-Талапкер» тас жолындағы атшабарында бақ сынайды.

Сәйгүліктер 7 шақырымдық  «құнан» және «жорға» бәйге түрлерінен, 15 шақырымдық «топ» бәйге және 22 шақырымдық «аламан» бәйге бойынша сынға түседі.

Көпшілік көз тіккен жүйріктер сайысының жалпы жүлде қоры – 30 млн теңге.

Жарыс 08 шілде күні сағат 10:00-де басталады.

Ұлы даланы ат дүбірімен шулататын бәйгеде барлығыңызды жанкүйер болуға шақырамыз!

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button