Мәдениет

Байқауда топ жарды



Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының актері Әділхан Макин «Almatym juregimde» халықаралық бірінші эстрадалық ән орындаушылар байқауының гран-при иегері атанды.

Бұл байқауға әлемнің 11 елінен және Қазақстаннан шыққан 20-35 жас аралығындағы 15 орындаушы қатысты. Оған ұлттық және халықаралық музыкалық байқаулар мен фестивальдерінде топ жарған, ірі концерт алаңдарында өнер көрсеткен тәжірибесі бар әншілер бақ сынады.

Екі күнге созылған халықаралық байқау қатысушыларының өнерін эстрада шеберлері, танымал музыканттар, өнер қайраткерлері, продюсерлерден құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады. Бұл қатарда Ренат Ғайсин, Этери Бериашвили, Мансур Ташматов, Бируте Петриките, Глеб Лапицкий, Вреж Киркосян, Әлішер Кәрімов болды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button