Елорда тынысы

Байқоңыр ауданында «Кәсіпкерлер күні» бастау алды

Елорданың Байқоңыр ауданында бірінші рет «Кәсіпкерлер күні» бастау алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау және олардың түйткілді мәселелерін ортаға салып, жүйелі шешімін табу. Жиынға Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, қалалық Жер ресурстарын басқару департаменті, қалалық энергетика басқармасы және қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері қатысты.

Олардың арасында бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар да болды. Мәселен, «Rainbow Logistic» ЖШС – азық-түлік емес тауарларды (астық пен мұнайдан басқа) сақтау саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Олардың тарапынан электрмен, газбен жабдықтауға және нөсер ағындарына техникалық шарттарды алу мәселесі көтерілді. Келесі «А-сталь Азия» ЖШС – жалға беру және жалға берілетін жылжымайтын мүлікті пайдалану саласындағы қызмет. Олар жер учаскесін алу және бағдаршам орнату мәселесін көтерді. Ал «АБК Бетон» ЖШС – тауарлық бетон өндірісі, құрылыс алаңдарына бетон-ерітінді өнімдерін өндірумен және жеткізумен айналысады. Бетон зауытына жер учаскесін алу мәселесін ортаға салды. «Amitech Astana» ЖШС – пластмасса плиталар, құбырлар мен профильдер өндірісі. Жолды кеңейту мәселесі, жылу трассасының құбырларын тасымалдау мүмкіндігі мәселелерін айтты. «Экотон+» АҚ – автоклавты қатайтылған ұялы бетоннан (газоблоктардан) жасалған бұйымдар шығаратын компаниялар тобы. Шикізатты түсіру және жөнелту үшін нөсер кәріздерінің ағындары бойынша бірқатар сұрақтар көтерді. «BERTYS MACHINERY» ЖШС – полиэтилен немесе болат гидроқорғау қабығы бар полиуретанды көбік жылу оқшаулауында болат құбырлар мен фасонды бөлшектерді өндіруге маманданған жоғары ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуеті бар кәсіпорын. Олар кірме жол мәселесі бойынша, электр желілері бойынша жүгінді. «Ботестамыр» ЖШС-кірпіш, черепица және күйдірілген саздан жасалған өзге де құрылыс бұйымдарын өндіру саласындағы қызмет. Жол және жылыту және зауытқа баратын автобус мәселесін айтты.

Аталған «Кәсіпкерлер күні» енді әр аптаның сәрсенбісінде  тұрақты түрде өткізіліп тұратын болды.

Қабылдауға жазылу үшін және қосымша сұрақтар бойынша төмендегі байланыс нөміріне хабарласуға болады: +7 (771) 164-05-15

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button