Ел тынысы

Балалар корпусы жұмысын бастайды



Жылдың соңында көптен күткен жөндеу жұмыстары аяқталған соң, Т.Шевченко көшесі, 1-үйдегі №4 қалалық емхананың балалар корпусы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов ақпарат таратты.

Мәслихат төрағасы Amanat партиясы астаналық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындауға бағытталған Жол картасы аясында Ә.Сембинов көшесі, 4/1 үйдегі № 8 қалалық емхананың ересектер корпусына күрделі жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Ақан сері көшесіндегі 20-үйдегі №5 қалалық емхананың ғимаратына жөндеу жұмыс­тары аяқталғанын жеткізді.

«Жыл соңына дейін көптен күткен жөндеуден кейін №4 қалалық емхананың Т.Шевченко көшесі, 1-үйдегі балалар корпусы өз жұмысын бастайды. Елордадағы көптеген денсаулық сақтау нысандары шамамен 20-30 жыл бұрын пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда барлық медициналық мекемелердегі жөндеу жұмыстары «Астананың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес жүргізілуде. 2023 жылы жобалау-іздестіру жұмыстарының (ПИР) сатысында медицина қызметкерлері үшін 100 орындық шағын отбасылық тұрғын үй салу, сондай-ақ «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» қолдауымен Ш.Қосшығұлұлы көшесі ауданында 200 төсектік акушерлік блок салу және Алматы ауданындағы Қобда – Абылай хан көшелерінің қиылысында 250 орындық перинаталдық орталық салу туралы шешім қабылданды» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button