ӘлеуметЖаңалықтар

БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ



erm_8708-3-asli

Астанадағы «Kz» қоғамдық қоры мен «Дельфинарий» орталығы бірлесіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қайырымдылық шарасын өткізді.

Оның мақсаты – көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге қоғам назарын аударып, мүмкіндігінше қолдау көрсету.
Игілікті шараға бас қалада тұратын 300-ден аса балалар жиналды. Олар адамның ізгі досы саналған су жануарларын өз көзімен көріп, бір сағаттан астам түрлі қызыққа толы шоу тамашалап, мәз-мейрам қуанышқа бөленді.
–Біздің қоғамдық қор үнемі әлеуметтік жағынан мұқтаж отбасыларға қам­қорлық көрсетіп келеді. Бүгінгі шара – соның бір жалғасы. «Дельфинарий» орталығы біздің айтқан ұсынысымызды жерге тас­тамай, 3 пен 14 жас ара­лығындағы үш жүз балаға тамаша кеш ұйымдастырды. Бұған мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер де келді. Енді орталық басшылығы осы балаларды айына бір рет тегін кіргізуге мүмкіндік жасап отыр. Оларға айтар алғысымыз шексіз, – дейді «Kz» қоғамдық қорының өкілі Меруерт Сәрсетова.

Азамат ЕСЕНЖОЛ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button