ӘлеуметЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

БАҚЫЛАУДА – БАЗАР БАҒАСЫ



Бағаны тұрақтандыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі күн сайын азық-түлік тауарлары бағасын қадағалап отырады. Әсіресе, күнделікті ішіп-жейтін ұн-нан, макарон өнімдері, ет-сүт пен көкөніс­тердің бағасы ерекше назарда.

Елорданың ірі сауда орталықтарындағы аталған өнімдердің са­тылу бағасын сараптай келе көп­шілікке қолжетімді құнын шығарып отырмыз. Мысалы, бірінші сұрыпты бидай ұнын «Шапағат» базарында 87-95 теңге аралығында сатып алуға болады. Осы ұнның бағасы «Магнумда» 145 теңге, «Астықжан» сауда орталығында 159 теңге тұрады. Дәл осы сұрыптағы ұннан жасалған нанның келісі «Шапағатта» 50-80 теңге, «Магнумда» 75 теңге болса «Астықжанда» 80 теңгеден сатып отыр. Макарон өнімінің орташа бағасы 160 теңге, ал «Шапағаттан» 10 теңгеге төмен бағамен аласыз. Қанттың келісі 260 теңгені ұстап тұр. «Магнумда» күнбағыс майы 315 теңге тұрады.

Көкөністердің де бағасы едәуір түсті. Картоптың бағасы «Шапағатта» 135 теңге болса, биылғы жылдың жас сәбізінің бағасы 220 теңгеден басталады. Бірінші санаттағы тауық жұ­мырт­қасының он данасын 150 теңгеден «Шапағаттан» сатып алуға болады. Сиыр етін 1500-ден таңдап жүріп табасыз. тауық етін қаласаңыз, 500-600 теңгенің айналысында. Ағар­ғанның арзанын іздесеңіз, онда сүттің литрі 150 теңгеден басталады. Соңғы аталған сауда орталықтарында 225 теңгеге дейін жетеді.

Аптаның соңында 22-23 шілдеде әдеттегідей Атырау, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілерінің кезекті жәрмеңкесі өтетінін естеріңізге сала кетелік. Жәрмеңкеге ұзын-ырғасы 735 тонна ауылшаруашылық өнімдері шығарылады. Оның ішінде 206 тонна ет, 53,5 тонна сүт өнімдері, 200 тоннадан астам картоп, көкөніс пен жемістер, 76 тонна бақша өнімдері, 15 тоннаға жуық балық, 26 мың жұмыртқа және тағы басқа көптеген азық-түлік сатылады.

Елордалықтарға жақсы таныс 50-ден астам отандық кәсіпорындары қатыспақ. Оның ішінде «Айс» ЖШС, «Рокос» ЖШС, «Амангелді» ЖШС, «Молочные истории» ЖШС, «Гринхаус Казахстан» ЖШС сияқты азық-түлік тауарларын өндірушілері бар.

Айгүл УАЙСОВА 

 


Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button