Мәдениет

Бас хатшының кеңесшісі тағайындалды



Түркі мәдениетін және өнерін дамыту ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Сұлтан Раевтың Қазақстан бойынша кеңесшісі болып Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ тағайындалды. Академик бұл қызметті қоғамдық негізде атқаратын болады.

«ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының басты мақсатының қатарында түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасында достық қатынас құрып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, әдет-дәстүрін зерттеп, жалпыға жария ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпаққа мұра ету, баянды қылу мен түркі дүниесінде ортақ бір тіл мен әліпби қолданылуы үшін тиісті орта және жағдай қалыптастыру қарастырылған. Сондай-ақ түркі дүниесі халықтарының ортақ өткенінің, тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің біртұтас күйінде ғылыми зерттеулерін күшейту мақсаты көзделген. Осынау мақсат-міндетті жүзеге асыру үшін «ТҮРКСОЙ»-ға мүше әрбір елден Бас хатшының кеңесшілерін тағайындауға шешім қабылданды.

«ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Астанада ұйымдастырылған іс-шара аясында Кәрімбек Арыстанбекұлын қабылдап, оған ғылыми жұртшылықты халықаралық ұйым жұмысына жұмылдырып, түркі дүниесіне ортақ құндылықтарды зерттеу ісін үйлестіру, ортақ әліпби қолдану туралы тілші-ғалымдармен бірлесіп ұсыныс енгізу, ұлттық мәдени мұралар арқылы түркі дүниесін интеграциялау бойынша ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстел отырыстарын өткізуге атсалысу, сондай-ақ халықаралық ұйым өткізетін іс-шараларға белсенді қатысу сияқты міндеттер жүктеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button