Басты ақпарат

БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУ БАСТАЛДЫ. Қапы қалмаңыз!



9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні. Осындай айтулы мерекеде «Қазпошта» АҚ-тың «Астана почтамт» филиалы қала тұрғындарына арнап мерзімді баспасөзге жазылу күнін өткізді.

Таңғы тоғызда басталған игі шараға келген адамдардың қарасы онша көп болмады. Көбісі – орта жастан асқан кісілер. Олар өздері қалаған басы­лымға жазылып жатты. Біз шара барысында шаһардың байырғы тұрғыны Арыстан Мұратұлы деген қариямен жолығып, сөзге тарттық. Газетті іздеп жүріп оқитын оқырман екен. Таңғы тоғызда басталған игі шараға келген адамдардың қарасы онша көп болмады. Көбісі – орта жастан асқан кісілер. Олар өздері қалаған басы­лымға жазылып жатты. Біз шара барысында шаһардың байырғы тұрғыны Арыстан Мұратұлы деген қариямен жолығып, сөзге тарттық. Газетті іздеп жүріп оқитын оқырман екен. – Жыл сайын 5-6 басылымға жазыламын. Әйтеуір, зейнетақым бар. Балаларыма күш  түсірмеймін. Бұ­рын­ғыдай көшеде газет сататын дүңгір­шек жоқ. Содан кейін ана тілі­мізде жарық көретін газеттер қолымызға түспейді. Сосын жазыламын. Әрі күн сайын үйге келіп тұрады. Газет оқымасам, ауырамын. Жас күнімнен бойға сіңген әдет. Қартайсам да қалмайды. Бүгін мерзімді баспасөзге жазылушылар күні болады дегенді естіп, әдейі ерте келіп тұрмын, – деді Арыстан ақсақал.Жазылу күніне соншалықты көп редакция келген жоқ. Алты ғана  газет-журналдың өкілдерін көрдік. Бәрі де елордада орналасқан. Ішінде «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» басылымдары болды. «Бүгін тамаша шара болып жатыр. Оқырмандармен бетпе-бет жүздесіп отырмыз. Біздің «National geographic Қазақстан» журналы 2016 жылдан бері жарық көреді. Алғашқы саны Елбасының құттықтауымен басылды. Басылымға әлемнің тарих, ғылым және мәдениет саласындағы соңғы жаңалықтары жарияланады. Журналдың 700 миллион аудиториясы бар. 80 елде, 38 тілде шығады. 38-ші тіл қазақ тілі болып тіркелген» деді журналдың маркетинг бөлімінің жетекшісі Оразалы Кәрімбаев. Газет-журналды үйге жаздыртып оқығанға не жетсін… Айт­пақшы, сіз мерзімді баспасөзге жазылдыңыз ба?

Азамат Есенжол




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button