ЖаңалықтарҚала мен СалаҚоғам

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАЛАЛАРЫ



Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күніне орай елордадағы №28 «Жұлдыз» санатория­лық  балабақша бүлдіршіндері мерекелік ертеңгілік өткізді.

parp

Шарада балақайлар майдан тақырыбына арналған өлең шумақтарын оқып, би биледі. Соғысқа аттанған әскерге, оларды шығарып салып, асыға күткен аналарға арнап ән шырқады.
Балабақшаның меңгерушісі Кенжетай Сағындыққызы Жамалиева сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
– 9 мамыр – Жеңіс кү­німен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн тарих парақтарында үлкен әріптермен жазылған. Өз жанын аямай елімізді қорғаған, бейбіт күнге жеткізген ерлерімізге басымыз­ды иеміз, – деді ол.Балабақшадағы бүлдіршіндер – соғысты көрмек түгіл, естімей өскен бейбіт күннің балалары. Сол себепті мерекелік концерт аясында жүргізушілер балаларға сұрапыл соғыс­тың жылдары туралы ақпарат беріп, құлақтандырып отырды.Балалар қойған сахналық көрініс сол жылдардың картинасын көз алдыға елес­тетті. Бүлдіршіндер тақпақ оқығанда, отырғандар көздеріне еріксіз жас алды. Қорыта айтқанда, қатысу­шылар аянып қалмай, бар өнерлерін ортаға салды. Кеш балақайлардың орындауындағы «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқталды. Концертте көрермен бол­­ған ата-аналар балаларды жас­та­­йынан отансүйгіштік пен ұлт­жандылыққа баулып, тамаша кеш ұйымдастырған балабақша басшылығына алғыс білдірді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button