Қала мен Сала

БЕЛГІ САЛЫНҒАН ҒИМАРАТТАР



Елордада қаланы абаттандыру саласындағы кемшіліктерді анықтауға бағытталған жастар қозғалысы басталды.

01-782

Белсенділер Республика даңғылында орналасқан бір- неше ғимараттарды аралап шықты. Нақтырақ айтсақ, олар кәсіпкерлік нысандарды, мәдени, спорт, білім, денсаулық сақтау мекемелерін, тұрғын үйлерді, құрылыс алаңдарын тексеріп, бағалады.

Жастар қозғалысының мақсаты – жоғарыда аталған нысандардың аумағында тазалықты сақтауын қадағалау. Ешқандай ескертулер болмаған ғимараттардың қасбеттеріне «өте жақсы» деген бағаны білдіретін смайл, ал аумағын жинауды қажет ететін немесе тіпті тазаланбаған кәсіпорындарға «бұл жерді жина» деген белгіні білдіретін қызыл смайлжабыстырылады.

Жаңа жоба қала әкімі Әсет Исекешевтің бастамасын қолдау мақсатында құрылды. Елорда басшысы жастарға белсенділік танытып, бес жобаны қолға алуды ұсынды. Олар «Астана – дені сау және спорт сүйетін адамдардың қаласы», «Астана – Smart City», «Ақ- жарқын Астана», «Астана – таза қала» және «Астана – мейірімді және жүзі жылы адамдар қаласы» деп аталады. Аталмыш шарада қозғалысқа қатысушылар соңғы екі бағытты біріктіріп, қаланың жақсаруына өз үлестерін қосты.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button