Қала мен Сала

БЕНЗИН ИМПОРТЫ АРТАДЫ



Тамыз айынан бері бірқатар қазақстандық БАҚ елде бензин тапшылығы болатыны туралы әртүрлі болжамдар жариялаған болатын. Қазіргі уақытта кейбір қалаларда жанар-жағармай тапшылығы, расымен де, сезіліп отырған сыңайлы. Соның салдарынан бензин бағасы да қымбаттай түсуде.

Ресми деректерге сүйенсек, елдегі бензин тапшы­лы­ғы соңғы 2 аптадан бері тіркелген екен. Сол сияқты көлік жүргізушілерінің мә­ліметінше, жанармайдың тапшылығы Астанада да бай­қалып отырған тәрізді. Жүр­гізушілер күн ұзаққа бекет­терде кезекке тұруға мәжбүр болған. Ондағы бензин бағасы 153 теңгеден баста­лып, 170 теңгеге дейін көтерілді.
– Өткенде кейбір бекеттерде бензин тапшылығы сезілді. Қатарынан төрт-бесеуіне кіріп, АИ-92 бензинін алатын жерді әрең таптым. Көбінде тек талонмен ғана сатылып жатыр екен. Себебін сұраған едім, жанар-жағармай бекетінің мамандары бензиннің қымбаттайтынын айтты, – дейді астаналық көлік тізгіншілерінің бірі Қайрат Тұрғанбеков.
ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ел ішіндегі бензин тапшылығын жою үшін импорт көлемі арттырыла түспек. ҚР Энергетика және Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп, жанармай қорын еселеу мақсатында осындай ортақ келісімге келген. Онда қос ведомство басшысы шешімімен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелес­тікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің де келіскені айтылған. Түзілген жоспарға сәйкес, енді қазан айында Ресейден жеткізілетін жанармай көлемі 120-150 мың тоннаға артуы тиіс. Оның 100 мың тоннасы жеке құю бекеттеріне үлестірілмек. Қазіргі таңда көрші елдің Энергетика министрлігімен келісім жасалып жатыр.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button