Мәдениет

БЕТХОВЕН КЕШІ



ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан Энергия холында итальяндық пианист Андреа Луккезини Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академия­лық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жеке концерт берді.

Танымал музыкант Ла Скала сахнасында Дино Чиани атындағы конкурс­ты ұтып алып, жас күнінен бастап әлем сахналарында өнер көрсетіп келеді. Ол Бетховен туындыларының мағынасын терең түсініп, оның әуезді сазын тыңдарманына жеткізе білгені үшін де әлемнің саз өнерінен лайықты орын алды.

Оның орындауындағы Stradivarius студиясында шыққан Бетховеннің 32 сонатасының концерттік жазбасы жоғары бағаланып, беделді неміс журналының «Ай дискісі» сыйлығымен марапатталған. Астананың классикалық саз кешінде де атақты пианист Людвиг ван Бет­хо­веннің «Прометей туындылары немесе музыка мен би құдіреті» увер­тю­расы мен фортепианоға арнал­ған бірнеше туындыларын орындады.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button