Ел тынысы

Білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдалану

«Халық пен халықты теңестіретін – білім» – деп қазақтың абызы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің өмірлік мақсатымыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудегі ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты  –  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады.

«Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Мақсаты – оқу үрдісінің өнімділігін арттыру».

Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі. Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады.

Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда  кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Оның мақсаты –  техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта  ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технология тақырып көлемінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Білім деген бір — бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орындарында отырып қол жеткізуге болады. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуымен оқу материалының сапасын арттырады.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде студент үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену — бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз – қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады, сабақ өткізген кезде сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушының қызығушылығы арта түсері анық.
Оқытудың компьютерлік технологиясын пайдалану оқу процесін жаңа оқу — әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге және оқушының шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді.

Шығармашылық іс — әрекет
Зейін
Есте сақтауы
Интеллектісі
Ойлауы

Оқытудың компьтерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.:
— дәстүрлі (оқулық, көрнекілік құралдар, электронды оқулықтар).
— компьютерлік ( презентация, дисктер, мультимедиа құралдар).
— Интернет — технология (интернет дербес ақпарат көзі ретінде, e — mail — ақпарат алмасу құралы ретінде, т. б.).

Компьютерлік оқыту технологиясы – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол оқытушыны алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.

Білім сапасын арттырудағы жаңа технологиялар бүгінгі күні педагогикада, оқу – тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. Белгілі ғалым М.М. Поташник «Инновация – оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» – деп анықтама берсе, Н.Ф. Талызина «Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.

Еліміздің болашақ жастарына заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талапты орындау мақсатында ұстаздарға жүктелер міндет орасан зор.
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың

жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы,

Астана қаласы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button