Білім

Білімді ұлт: заман талабы – білім беруді дамыту стратегияларын жаңарту



Еліміздегі қайта жаңғырып жатқан ұлы мерекеміз 25 қазан Респуб­лика күніне орай 2022 жылдың 20 қазанында Astana Polytechnic жоғары колледжінде «Білімді ұлт: Заман талабы – білім беруді дамыту стратегияларын жаңарту» атты І республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция­сы өтті.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция­ның басты мақсаты – елдігімізді ұлықтай отырып, жас ұрпақтың отаншылдық қасиеттері мен ғылыми әлеуетін дамытып, оларды білім мен ғылымға тарту.

Аталған конференцияға ҚР Оқу ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басшысы Алтай Рахимберлин, «Talap» КЕАҚ, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, «Тұран-Астана» университеті, «ESIL University», елорда мектептерінің өкілдері, Астана қаласының №1 автобус паркі бөлім басшысы, колледждің әлеуметтік серіктестері қадірлі қонағы болды.

Астана қалалық мәслихат депутаты Жанділдаев Бағдаулет Болатұлы  конференцияға келген қонақтар мен қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, «Білімді жастар – біздің болашағымыз» деді өз сөзінде.

Шараның пленарлық отырысында Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Имангазинова ­Римма Асымовна, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» басшысының орынбасары Байтасов Дидар Дулатұлы модераторлары болып, конференция қатысушыларының білімге деген ұмтылыстарын атап өтті.

Аталған І республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға республика төңірегінен 72 колледж студенттері мен мектеп оқушылары офлайн және онлайн форматта гуманитарлық, экономикалық және техникалық бағыттағы 3 секция бойынша  қатысты.

Бірінші гуманитарлық бағыт «Білімді ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы» секциясына 17 адам қатысты. Бұл секцияның сарапшылары Астана қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдері ­Р.М.Такибаев А.А.Дастенбекова және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Ж.Т.Кульжанова жұмыстарды бағалап, барлық қатысушылардың арасынан Астана қаласының Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия­сының оқушысы Тәңірберген Рамазан және гуманитарлық заң колледжінің 1-курс студенті Сабира Жорабекованың  жұмысын 1-орынға лайық деп шешті.

Екінші «Заманауи идеялар – бизнес болашағы» экономикалық бағыт бойынша бизнес жоспар секциясына 17 жұмыс келіп түсті. Секция сарапшылары ҚР кәсіби бухгалтері, салық кеңесшісі, Бухгалтерлік есеп лекторы – А.М.Осман Amanat партиясы жанындағы Жастар қанатының төрағасы ­А.Мағзум ESIL University, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.К.Алиев таңдаумен ең үздік болып алды «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің студенті Жалалов Акжол І орынды алды.

Үшінші техникалық бағыт бойынша: құрылыс, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және IT салаларынан барлығы 19 баяндама жұмыстары тыңдалды. Секция сарапшылары ЖШС «АТБ транс-сервис» директоры Б.Б.Алпысбеков «Бонни & Клайд» дизайн студиясының жетекші маманы Б.Д.Сабитов ESIL University, доцент, цифрландыру және стратегиялық талдау жөніндегі проректоры Г.Ж.Шуйтенов шешімдерімен келесі қатысушылар жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, техникалық қызмет көрсету бағыт бойынша «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің білім алушысы Ердәуіт Ықтиярұлы, IT саласы бойынша «Қоғамдық  тамақтандыру және сервис колледжі» білім алушысы Сержан Сәтқожа, құрылыс бағыты бойынша Қос­танай политехникалық жоғары колледжі  білім алушысы Фельдман Александра Владимировна жеңімпаз атанды.

Қорытындылай келе, сарапшылар ғылыми конференцияға қатысушылардың жұмыстарын жоғары бағалап, әрқайсысын еліміздің болашақ жұлдыздарына теңеп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Конференцияға қатысқан жас ғалымдар алғыстарын білдіріп өздері үшін үлкен тәжірибе алмасу болғанын айтты.

Барлық баяндамалар презентациялармен сүйемелденіп, позитивті ғылыми дау мен өзара сыйластықтың жағымды атмосферасында жемісті пікірталаспен аяқталды.

І республикалық конференция жұмысының аяқталуына орай салтанатты концерт ұйымдастырылды, онда Astana Polytechnic жоғары колледжінің директоры конференция бағыттары бойынша қатысушылардың жұмыс­тарын сараптау мен бағалауға қатысқан барлық сарапшыларға «Алғыс хат» табыс етті.

«Бүгінде Astana Polytechnic жоғары колледжі жаңа мүмкіндіктер алаңы, осы орайда бүгінгі республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізіп, жалғасын жыл сайын табады» деді өзінің алғысөзінде Astana Polytechnic жоғары колледжінің директоры Болат Рысқалиев Құлмұханұлы.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button