Қоғам

Білімге құштарлық бастауы



Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы және №59 мектеп-лицейдің
ұйымдастыруымен «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында республикалық семинар өтті. Тәжірибесімен бөлісуге 5 өңірден бастауыш мұғалімдері қатысты.

Бастауыш мектеп мұғалімдерінің негізгі функциясы – бастау мен қалыптастыру. Кез келген нәрсені жалғастырудан бастау қиын. Дамытудан гөрі қалыптастыру қиын екені – табиғи заңдылық. Семинардың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын қалыптастырудың теориялық және практикалық актілерін ұсыну.

Іс-шараға Әдістемелік орталықтың бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Н.Әзімбай, әдіскер Ж.Ергешбаев, қалалық бастауыш сыныптардың мұғалімдері қатысты.

Семинарды мектеп директоры А.Жұмабекова алғысөзімен ашып, мұғалімдермен таныстырып, жаңа бой көтерген бастауыш сыныптары ғимаратының ашылғаны жөнінде тоқталып өтті. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары М.Мелдебекова кіріспе сөз сөйлеп, бүгінгі білім беру жүйесіндегі бастауыш мектептің бастау алар табалдырығы мен оқушыларды функционалдық қызметке дағдыландыру туралы тоқталды. Іс-шара барысында Қарағанды қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназия­ның бастауыш сынып мұғалімі, көпбейінді тренер А.Ақмағамбетова «Пәндік сауаттылықтан – функционалдық сауаттылыққа» тақырыбында маңызды мәселе көтерсе, Түркістан қаласы №28 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Бақыт онлайн эфирге шығып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар онлайн форматта Алматы қаласынан Р.Қадірқұлов IT тақырыбында сөз қозғап, өзінің электрондық оқулықтар қосымшасымен және жеке жобасымен таныстырды. Ал №59 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімдері Б.Нұрғалиева «Формирование функциональной грамотности учащихся начальных классов», С.Уралбекова «Модель выпусника начальных классов в контексте IT компетенции» атты тақырыптар аясында баяндама жасады.

Семинар барысында қатысушылар 2 секцияға бөлініп, тәжірибе алмасу ашық сабағын өткізді. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен мектептің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты, шеберлік сыныптарын жүргізді, пікір алмасты. «Адам болам десеңіз», «Менің елім – тірегім» тақырыптарында сыныптан тыс және «Асық ату», «Робототехника», «Бисероплетение», «Арт-терапия» үйірмелерін трансляциялады. Семинардың тартымды әрі маңызды өтуіне атсалысып, үлес қосқан №59 мектеп-лицейдің оқу жұмыс­тары жөніндегі орынбасарлары А.Апакова, В.Сатпаеваның еңбегі ерекше. Семинар соңында Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының атынан бірнеше мұғалім сертификатпен марапатталды.

Жұмағали ИЗМАХАНҰЛЫ, Астана қаласы әкімдігі
Әдістемелік орталығының әдіскері




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button