Шаһар шежіресі

Алаңдағы аялдама

Целиноград қаласы. 1960  жылдың наурыз айы. Орталық алаң. Ол кездегі шаһардағы жаңадан пайдалануға берілгелі жатқан «Есіл» қонақүйінің алдына жүзге тарта адам жиналып қалыпты. Бұл не, наразылық шеруі ме? Құдай сақтасын! Кемелденген социализмге бет түзеген Кеңес Одағы кезеңінде ондайды ойлаудың өзі қорқынышты еді.

Сонда бұл не жиын? Көнекөз қария, осы қаланың байырғы тұрғыны Дмитрий Мельковтың айтуынша, бұл ешқандай митинг те, жиын да емес, орталық алаңда қоғамдық көлік күтіп тұрған ауысымдық жұмыстан шыққан жақын маңдағы тері өңдеу зауыты мен тігін фабрикасының жұмысшылары көрінеді.

«Ол кезде қазіргідей арнайы жабдықталып, белгі қойылған автобус аялдамалары болмайтын. Жұмысшылар ауысымнан шыға салып, орталық алаңға келіп топталып көлік күтетін. Қала шағын ол кезде бағдарда екі-үш қана «пазик» жүретін. Оған он бес-жиырма адамнан артық сыймайды. Міне, сосын келесісін күтуге тура келеді» деп еске алады қаланың байырғы тұрғыны.

Сурет ҚР Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінен алынды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button