Шаһар шежіресі

Әлібек Дінішев – тың өлкесінде

Қазақ КСР Халық әртісі (1979), КСРО Халық әртісі (1986), Мемлекеттік ­сыйлықтың лауреаты (2012), Қазақстанның Еңбек Ері (2021), опера әншісі (әнші-вокалис­тердің бүкілодақтық және халықаралық конкурстарының бірнеше мәрте жүлдегері, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет ­театрының әншісі) Әлібек Дінішев Целиноград облысының тыңгерлерімен алғаш рет 1976 жылы жүздескен еді.

Әнші Есіл өңіріне екінші рет 1985 жылы 23 ақпан күні келіп, Одақтар үйінің колонналы залында «Мәскеу жұлдыздары» фестиваліне қатысты. Кейін бір айдан соң Мәскеудегі жеке концерттік бағдарламасын республикамыздың орталық және солтүстік облыстарында ел игілігін еселеп арттырып жүрген еңбек адамдарына таныс­тырады. Ал 1985 жылдың наурыз айында Целиноград қаласында жарқын талантымен, құлақтан кіріп бойды алар әуезді әнімен жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген әнші «Коммунизм нұры» газетінің арнаулы тілшісі Мәкен Мергенбаеваға берген сұхбатында «…қай мамандықта болсын табыс сыры ең алдымен ерінбей еңбектенуде болса керек. Ал әнші үшін тума талант аздық етеді. Әншіге ең алдымен сұлулық сырын сезінер сезімтал жүрек керек, өйткені сырлы сазды әсем ән сергек жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді. Бұған еңбексүйгіштік қосылса ғана өнер адамы өзінің халық алдындағы парызын өтей алмақ. Мен өнер жолындағы азды-көпті табысым үшін ең алдымен музыка өнеріміздің інжу-маржаны – халық әндеріне қарыздармын дер едім. Содан соң Абай әндерін ерекше атар едім, жалпы классикалық шығармаларды сүйіп орындаймын» деп оқырмандарды өз репертуарымен таныстырады, гастрольдік сапарының мақсаты мен алдағы жоспары туралы бөліседі.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button