Шаһар шежіресі

Ғибрат шашқан ғимарат

Ақмола – С.Сейфуллиннің өмірінде ерекше орын алған қала. Қоғам және мемлекет ісіне араласқан, қайраткер болып қалыптасқан Ақмола жерінде оның қалдырған ізі, қымбат мұрасы аз емес. С.Сейфуллин музейін ашу мәселесі 1984 жылдан қозғалып, тек 1988 жылы қоғамдық пікірдің дүмпуімен халық игілігіне айналды.

Қазақстан Республикасы Министрлер кеңесі 1988 жылы 21 қаңтарда Целиноградта Сәкен Сейфуллин музейін ашу жөнінде қаулы қабылдайды.Ал 28 қаңтарда Мәдениет министрлігі тиісті бұйрық шығарады. Ақмолалықтар мен қала қонақтары домбыраның әуезді үнімен сол жылдың 20 ақпанында аязды күні ақын әлемі, алдаспан азаматтың ғұмыр көші бедерленген музейдің ашылу салтанатына жиналады. Целиноград қалалық атқару комитетінің төрағасы Аманжол Қуанышұлы Бөлекбаев лентаны қию құрметіне ие болады. Целиноград облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Андрей Браун да бұл шараға қатысады.

Ақын мұражайы күні бүгінге дейін бұқараға қызмет етіп келеді. Экспозициясы алты залда орналасқан. Онда 5 мыңнан астам зат қойылған. Бұл, негізінен, жазушының әйелі мен туыстары мұражайға тапсырған жеке заттары, бірегей фотоматериалдар, кітаптар, ешкімге белгісіз құжаттар, мұрағат құжаттарының көшірмелері, газет қиындылары, сондай-ақ жазушының шығармашылығы мен өміріне арналған мүсіндер мен картиналар, өнер туындылары.

Суретте Сәкен Сейфуллин музейінің ашылу сәті.

 Ғазиза ИСАХАН

 

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button