Шаһар шежіресі

Суретші Михаил Антонюк

Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, қылқалам шебері, тың игеру, астық жинау, ғарыш, қазақ халқы мен Ақмола даласының өткені мен бүгінін бейнелейтін монументалды өнер туындыларының авторы Михаил Яковлевич Антонюк 1961 жылы Львов мемлекеттік сәндік-қолданбалы өнер институтының монументалды кес­кіндеме факультетін бітіріп, комсомолдық жолдамамен Қазақстанға тың жерлерді игеруге келген.

М.Я.Антонюк – Ақмола қаласындағы Салт-дәстүр сарайы, Жастар сарайы, музыка мектебі, «Турист» қонақ үйі тәрізді көптеген ғимараттарды әшекейлеп, безендірген суретші. Оның шығармашылығы жан-жақты, әртүрлі техникамен, жанр­мен, бейнелеу өнерінің түрлілігімен ерекшеленіп өзінің қайталанбас жеке қолтаңбасымен айқындалады. Ұлы Ярослав – әкесінің жолын жалғастырған суретші.

Суретте М.Антонюк өз шеберханасында. Целиноград қаласы. 1988 ж.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button