Шаһар шежіресі

Күмбірледі күміс күй

Қазақтың алғашқы кәсіби дирижері, КСРО Халық әртісі Шамғон Қажығалиев бастаған Бүкілодақтық және халықаралық конкурс­тардың лауреаты, Бухаресте өткен Бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттердің IV фестивалінің бас бәйгесін жеңіп алған қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптары оркестрі 1972 жылы 26 наурызда Тың игерушілер сарайында өнер көрсетті.

Оркестрдің көркемдік жағын басқарушы және бас дирижері Ш.Қажығалиевтің дирижерлік етуімен оркестр қазақ халқының байырғы күйлерін бабына келтіріп орындап, тыңдаушыларын бір желпінтіп тастады. Содан кейін Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлері, Моцарт пен Брамстың классикалық шығармалары да көпшіліктің құлақ құрышын қандырды.

Бай репертуары, өзіндік орындау қасиеті, көркемдік биік шеберлігі бар Оркестр тыңдаушылар құрметіне бөленді.

                                                       Ғазиза Исахан

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button