Шаһар шежіресі

Ақын–жазушылар апталығы

Ақмола топырағы – талай талантты өмірге әкелген тарихи өлке. Әсіресе кешегі тыңға түрен салған күрделі жылдарда бұл аймақтан ақын-жазушылар арылған жоқ. Қазақ әдебиетінің ірі өкілдері өздері бастап Целиноград жеріндегі қара­пайым халықтың, ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігімен танысып, олардың өмір жолы мен жанкешті еңбегін қаламның қарымымен бұқараға паш етті.

Қазақ қаламгерлерінің Целиноградқа ең көп ат басын бұрған кезең 1970-1975 жылдар екен. Осы жылдарда өлкеде бірнеше семинар-кеңес өтіп, жергілікті жас таланттарды қолдау бағытында шығармашылық фестиваль ұйымдастырылыпты. Жергілікті халықтың есінде көбірек қалғаны – 1970 жылдың тамыз айында Целиноград қаласында қазақстандық ақын-прозаиктер апталығының өтуі. Бұған тың өлкесі қаламгерлерінің айрықша дайындалғаны аңғарылады. Осы сапарда қазақтың белді қаламгерлері Дихан Әбілов, Ғали Орманов, Сағынғали Сейітов, Жұбан Молдағалиев, Қасым Қайсенов, тағы басқалар апта бойы бірнеше рет оқырмандармен кездесіп, тың еңбеккерлеріне өздерінің шығармалары мен алдағы шығармашылық жоспарларын таныстырыпты. Шығармашылық апталықтың жемісті болғаны сонша, осыдан кейін көп кешікпей Жұбан Молдағалиев татар ақыны Мұса Жәлел туралы өзінің атақты «Жыр туралы дастан» және «Мен қазақпын» поэмаларын өмірге әкелсе, майдангер ақын Сағын­ғали Сейітов «Өмір өрнектері» мен «Тоғысқан тағдырларын» жазды.

Суретте 1970 жылы Дихан Әбілов, Ғали Орманов, Қасым Қайсенов, Жұбан Молдағалиев, Сағынғали Сейітовтің тың өлке­сіндегі ақын-жазушылар апталығы кезінде жас қаламгерлермен кездесу сәті.

 Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button