Ел тынысы

Jerge tabyn adam endi атты өнер кеші өтті

Астанада Jerge tabyn adam endi атты өнер кеші өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Өнер мен поэзияны ұштастырған кешті täuel[x]sız арт-жобасы ұйымдастырды.
Кеште өнерпаздар еліміздің басынан өткен және қазіргі таңдағы өзекті мәселелерін жасанды интеллект арқылы сахналады.
Заманауи қазақ поэзиясының өкілдері – Тілеубек Батыс, Жамбыл Бақыәліұлы, Салтанат Мадиярқызы Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Серік Ақсұңқарұлы секілді ақындардың өлеңдері оқылып, Ұ. Есдәулетов, Т. Мұхамеджанов, Сағди, Үміт Долькей сынды әншілердің авторлық әні шырқалды.
Перформанстағы туындылар Балжан Хабдина мен Захардин Қыстаубаевтың «Қызылдар қырғыны», Сара Кәмеронның «Аштық жайлаған дала», Тоғжан Қасенованың «Атом улаған дала» кітабынан алынған.
täuel[х]sız жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мақсаты – қоғамдағы түрлі әлеуметтік, өзекті мәселелерді өнер арқылы кең көпшілікке жеткізу. Сондай-ақ, заманауи поэзия өкілдері — жас авторлар мен олардың шығармашылығын таныту.
Жоба 2021 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының және Халықаралық ARTIF Awards байқауының жеңімпазы.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button