Ел тынысы

Астана – Сеул: қазақстандықтар қайтадан тікелей рейспен ұша алады

Қазақстан мен Корея Республикасының астаналары арасындағы әуе қатынасы қалпына келтіріліп жатыр, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл шешімге екі елдің авиация билігінің 2024 жылғы ақпан және наурызда Алматы және Сеул қалаларында өткен келіссөздері нәтижесінде қолжеткізілді.

Осылайша, 2024 жылдың 15 маусымынан бастап Air Astana Астана – Сеул бағыты бойынша рейстерді қалпына келтіреді.

«Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) AirBus-A321LR типті сыйымдылығы 166 орындық ұшақтар арқылы орындалады», – делінген ААК хабарламасында.

Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететіні түсіндірілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button