Ел тынысы

Алаяқтармен сыбайлас болған курьер сотталды

Соңғы уақытта телефон алаяқтары елдің ақшасын алдап алу үшін курьерлерді пайдаланатын жағдайлар жиілеп кетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мәселен, олар әртүрлі сайттарға курьерлік жұмыс ұсынып, белгілі бір ақыға қылмыстық жолмен алынған қаражатты аудару туралы жарнамаларды жариялап отырған.

Сондай оқиғаның бірінде Астанада бір алаяқ телефон арқылы жәбірленушіге хабарласқан. Оны «қызыңыз адам қағып кетті, ол кісі қайтыс болды, істі оң шешу үшін ақша қажет» деп алдаған екен.

Осындай схема бойынша 2 жәбірленушіні алдап, 1 млн теңгеден астам қаражатты иемденіп кеткен.

Ал курьер ретінде елорданың 27 жастағы тұрғынын жалдаған. Нақтырақ, ол өзі Telegram-арнасы арқылы хабарландыруды тауып хабарласқан, осылайша қылмыстық топтың сыбайласы болған.

Ол ақшаны алып, өзіне соның 10%-ын қалдырып, қалған соманы беймәлім адамдардың шотына жіберіп отырған.

Сот үкімімен сотталушыдан жәбірленушілердің пайдасына материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қылмыстық топтың қалған мүшелерін жауапкершілікке тарту үшін барлық шаралар жасалып жатыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button