Uncategorized

«Күй құдіреті» қалалық күйшілер байқауы өтеді

Елордада Сәкен Сейфуллин музейінде ақын, мемлекет қайраткері, жазушы-драматург, сазгер Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойы мен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күніне арналған «Күй құдіреті» атты қалалық күйшілер байқауы өтеді. 

Мақсаты  –  Арқа топырағында дүниеге келіп, дәстүрлі қазақ өнерінің өрісін кеңейтіп өресін ұзартқан тума дарын, сырбаз ақын әрі сазгер Сәкен Сейфуллиннің өшпес өнері мен шығармасын насихаттау, ақынның 130 жылдығы аясында халқымыздың төл өнерінің бірегейі күйшілікті қолдау және өркендету.

Міндеттері-  Сары даланың төсін ән-жырымен, күмбірлі күйімен, аламан айтысымен дүбірге бөлеген дүлділдердің мұрасын жаңғырту;

Ел ортасынан шыққан күйшілерді, аға буынның ізін басып келе жатқан жас дарындарды көптің алдына шығарып, жаңа есімдерді таныту;

Қазақ халқының рухани, мәдени құндылықтарын келешек ұрпаққа жеткізу;

Күйшілер байқауының өткізілу шарттары

1.     Сайыстың ұйымдастырушысы: Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК, Сәкен Сейфуллин мұражайы құрылымдық бөлімшесі.

2.     Қалалық күйшілер байқауы сазгер, мемлекет қайраткері, қазақ музыкасының жанашыры Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналады.

3.     Қалалық күйшілер байқауы 2024 жылдың мамыр айының 31 күні (сағ.11:00-де) Астана қаласы, Сәкен Сейфуллин музейінде өтеді.

4.     Сайысқа 16-40 жас аралығындағы Астана тұрғындары қатыса алады.

5.     Сайысқа қатысушыларды тіркеу 30 мамыр күніне дейін жалғасады, тіркеу онлайн жүргізіледі.

6.     Байқауға қатысушылар сайыс өтетін мекемеде сағ.10:00-де болуы міндетті.

7.     Сайыс бір кезеңнен тұрады. Үміткер сайыста бүгінгі күні ұмыт бола бастаған күйшілер шығармасын орындауға міндетті.

8.     Қазылар алқасының құрамы ұйымдастырушы мекеменің келісімімен тағайындалады. Олардың қабылдаған шешімі түпкілікті және ол талқыланбайды.

9.     Қазылар алқасы белгіленген жүлделі орындарды үміткерлер арасында бөлуге құқылы (бас жүлдені қоспағанда).

10. Қазылар алқасы сайыс барысында үміткердің күй орындау шеберлігіне қарай күйді тоқтатуға құқылы. 11. Күйшілерге демеуші боламын деушілерге шектеу қойылмайды. Кез келген демеуші ұйымдастыру комитетінің келісімімен арнайы сыйлық тағайындай алады.

Күйшілерге қойылатын талаптар

Байқауға кез-келген атағы бар күйшілер қатыстырылмайды.

1.     Орындаушылық шеберлігі;

2.     Күй орындау ережесінің сақталуы;

3.     Сахна мәдениетін сақтап, ұлттық киімде болуы;

4.     Ережеде көрсетілген шығармадан ауытқымау;

Ынталандыру   1.     Бас жүлде – 1 (біреу)  400 доллар 2.     І орын – 1 (біреу)        250 доллар 3.     ІІ орын – 1 (біреу)       200 доллар 4.     ІІІ орын – 1 (біреу)     150 доллар   Күйшілер байқауына қатысушыларға қазылар алқасының шешімімен дипломдар, ынталандыру сыйлықтары («Сырсандық» сериясының томдықтары) беріледі.

Үміткерді тіркеу тәртібі   1.     Жеке басын куәландыратын куәлік көшірмесі; 2.     Қатысуға өтінім (өтінім байқау болатын күні қабылданады); 3.     Үміткердің байланыс телефоны; (Өткізілген құжаттар қайтарылмайды)

Қосымша мәліметтер   Байланыс телефондары: +7 777 997 44 92 Тоқтарбаева Алуа Бөкенбайқызы Қабылдау бөлмесі: +7(7172) 99-80-42 E-mail: seifullin_museum@mail.ru

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button