Мәслихат

Сайлаушылар тілегі – басты ұстаным

Азаматтық қоғам – мемлекеттің қозғаушы күші. Озық елдердің тәжірибесінен осыны көруге болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қоғамды дамыту тетігінің бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың шешім қабылдау үрдісі мен маңызды мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысуына мүмкіндік береді деді. Бұл атқарушы билік пен халық арасындағы қарым-қатынасты арттырып, мәселелердің уақытылы әрі сапалы шешілуіне әсер етеді.

Астана қаласында №8 сайлау округінен сайланған депутат ретінде қала тұрғындарының ұсыныс-талабын орындауға басымдық беріп келемін. 2023 жылдан бастап округ аумағындағы мекемелер мен тұрғын үйлерді аралап, жеке қабылдауымда 75 азаматпен пікір алмастым. Тұрғындар денсаулық сақтау, жол сапасын арттыру, аулаларды жүйелі абаттандыру және тағы басқасы туралы айтады.

Байқоңыр ауданы әкімдігі ұйымдастырған ашық есік күні аясында өткен кездесулерде 65 тұрғынмен пікірлесіп, негізгі мәселелерін білдім. Ал Amanat партиясының қоғамдық қабылдауында 25 адамды қабылдадым. Оның 22-сі оң шешімін тапса, 3-еуі бойынша жұмыс істеудемін.

Әлеуметтік желіде және электронды мекенжайыма түсетін шағымдар да аз емес. Шағымдар мен ұсыныстар әрқашан болу керек, ал менің атыма түскен өтініштер бо­йынша 25-тен аса депутат сауалы жіберілді. Әр сауал бекітіліп, жауапқа ие болады.

Қала тұрғындарына демалыс орындары – сквер, бульвар, саябақтар мен аулалар жайлылық, ыңғайлылық сыйлады. №8 сайлау округі аумағында 239 аула бар, оның 180-і абаттанған. Кезең-кезеңімен «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында өзге аулаларды абаттандыру жұмысы жүргізіле береді

Сайлаушылар ұсынысының нақты орындалғанына тоқталсам, №31 мектеп жанында Кенесары даңғылы бо­йында аялдама орнатылды. Бұл жерде №9 автобус қатынайды.

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия аумағына қоршау орнатуды ата-аналар мен ұстаздар өтініш етті. Бұл мәселе оқушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды. Сондықтан мән беріп, атқарушы билікпен бірге шештік.

Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек ­Тәшенев атындағы көше – елорданың негізгі күре тамырының бірі. Сол және оң жағалауға қатынайтын көліктер көшемен көп жүреді. Ал таза ауаны қамтамасыз етуде және тұрғындардың демалуы үшін бақшаға сұраныс жоғары. Осы көшенің 9/2 мекенжайында бақша бар.

Сондай-ақ «Фортуна» тұрғын алабында балаларға арналған ойын алаңы жөнге келтіріліп, №1 «Бәйтерек» балабақшасының автотұрақ мәселесі шешілді. Ғұмар Қараш көшесі, 76 мекенжайы бойынша ескірген құрылыс нысаны оң шешімін тапты.

Биыл №27 мектеп-лицейдің 600 орындық қосымша нысанын аяқтау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары ұдайы бақылауымда.

Қала тұрғындарына демалыс орындары – сквер, бульвар, саябақтар мен аулалар жайлылық, ыңғайлылық сыйлады. №8 сайлау округі аумағында 239 аула бар, оның 180-і абаттанған. Кезең-кезеңімен «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында өзге аулаларды абаттандыру жұмысы жүргізіле береді.

Әрине, халықтың сапалы өмір сүру салтына деген сұранысы артқан сайын жаңа бастамалар алдымыздан шыға береді. Өмір заңы – осылай. Депутат ретінде жергілікті атқарушы билікпен бірлесе мәселелердің оң шешілуіне үлес қосып, халық қызметшісі болып жүруді мұрат етеміз. Өйткені халық тілегі – қапысыз тілек.

Қанат ЕСТЕК, Астана қаласы

мәслихатының депутаты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button