Спорт

Олимпиадаға 100 күн қалды

Елордада биыл жазда Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалуына орай бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтті. Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу жөніндегі дирекциясы ұйымдастырған олимпиадалық жүгіруге қатысушылар 5 шақырымды еңсерді.

Жүгіруге жас шамасы шектелмей, балалар мен ересек адамдар қатар жүгірді. Бұл іс-шара спорттық жарыс емес, олимпиадашыларға көрсетілген қолдау ретінде өткізілді.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спортты жоспарлау бөлімінің менеджері Томирис Смаилова олимпиа­далық жүгіру іс-шарасы Париж олимпиадасына 100 күн қалуына орай ұйым­дас­тырылғанын айтты.

«Жүгіруге қатысқан қала тұрғындары 5 шақырым қашықтықты көңілді күймен жүгіріп өтті. Қатысушылар тек қана жүгіріп қоймай, демеушілердің көмегімен ұйымдастырылған лотерея ойынында да бақтарын сынады. Сондай-ақ қол күресі және арқан тарту секілді сайыс­тарды тамашалады. Біз осы іс-шара арқылы Парижде ел намысын қорғайтын спортшыларымызға қолдауы­мызды білдірмек болдық» деді спорт басқармасы өкілі.

Шын мәнінде, Олимпиадаға арналған бұқаралық жүгіру елордалықтардың көңіл-күйін көтерген іс-шара болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button