Спорт

Сұлтан – Сурдлимпиада жүлдегері

Түркияның Эрзурум қаласында XX қысқы Сурдлимпиада ойын­дарының байрағы көтеріліп, оған 36 елден 1000-ға жуық спортшы қатысты.

Турнир бағдарламасы бойынша тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы жарысы, шахмат, футзал және керлингтен 34 медаль сарапқа салынды. Классикалық шахматтан 12 ұпай жинаған Хорватия алтын медальға ие болса, 11 ұпай жинаған Польшаға күміс медаль бұйырды. Ал 10 ұпай жинаған Қазақстан командасы қола медальді қанағат тұтты. Ұлттық құрама сапында Астана қаласының спортшысы әрі команда капитаны Сұлтан Қожахметов ойнап, командаластарын алға жетеледі.

– Шахматтан жарыс тартысты өтті. Біздің шахматшылар Италия, Германия, Сербия командасын жеңіп, Украина мен Польша командасымен тең ойнады. Тек Хорватия шахматшыларымен ойнағанда сәттілік жетіспеді. Сөйтіп, 13 команда арасында 3-орын алдық. Байрақты бәсекеде ел намысын лайықты қорғадық, – деді шахматтан аға жаттықтырушы Елдос Күзербаев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button