Ел тынысы

Жаңа жол белгілері қолданысқа енеді

Жаңа жол белгілері қолданысқа енеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«2024 жылғы 17 сәуірде Ішкі істер министрі «2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрыққа қол қойды.

Аталған бұйрықпен жол жүрісі қағидаларына келесі мәселелерді көздейтін бірқатар түзетулер енгізіледі:

– «үзіксіз тұтас бір сызықты» (одинарная сплошная линия) кесіп өткені үшін жауапкершілік өзгерді.

Енді 1.1. (жалпақ «үзіксіз тұтас бір сызықты») жол белгісімен бөлінген және (немесе) 3.20. («Басып озуға тыйым салынады») белгісімен белгіленген екі жолағы бар екі жақты жолға шығу, қарсы жүріс жолағына шығу болып есептеледі;

– елді мекенде автобустардың жылдамдығын сағатына 50 км дейін төмендеді;

– М3 (автобустар) санатындағы барлық көлік құралдары үшін маршруттық көлік құралдарына арналған жолақтың қозғалуына болады;

– тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдардың үшінші тобына жол инфрақұрылымына қол жеткізуге рұқсат беру;

Мәселен, егер бұрын «мүгедектігі бар адам» деген танмдық белгісін көлік құралына тек 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адам орналастыра алатын болса, енді мұндай белгіні тірек-қимыл аппараты бұзылған 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар да пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай белгі мүгедектігі бар адамдарға арнайы бөлінген автотұрақтарда (мүгедектерге арналған тұрақ), сондай-ақ тұраққа тыйым салынған орындарда тоқтауға басым құқық береді;

– жаңа жол белгілері енгізілді: 3.9.1. «Электросамокат жүрісіне тыйым салынады», 5.8.6а – 5.8.6в «параллель жатқан жол бөлігіне өту», 5.8.6г, 5.8.6д «параллель жол бөлігінің соңы», 5.16.3 «диагональды жаяу жүргіншілер өткелі» және т. б.;

– жаңа танымдық белгілері енгізілді: «Электромобиль», «Газ баллонмен жабдықталған автокөлік».

Бұл нормалар 2024 жылғы 6 мамырдан бастап күшіне енеді», – делінген ІІМ Баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button