Ел тынысы

Елордалықтарға тегін заң көмегі көрсетілді

Астанада қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында қала тұрғындарына тегін заң көмегін көрсетті, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған бастама жыл соңына дейін жалғасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Превенция басқарма бастығының орынбасары Уалихан Құрамаевтың сөзінше, мобильді топтың басты мақсаты халықтың өзекті мәселелерін заңға сәйкес жедел шешу.

«Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасы былтыр басталды. Қазіргі таңда 209 волонтер бар. Бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және түрлі мекемелердің қызметіндегі ашықтықты арттыру саласында маңызды міндеттер қояды. Мобильді топтың негізгі мақсаты азаматтардың заң консультациясына қол жеткізуін қамтамасыз ету және олардың өзекті мәселелерін заңға сәйкес жедел шешу. Бүгін осы жоба аясында адвокаттар мен заңгерлерлер және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұратын мобильді топ халыққа тегін заң бойынша құқықтық кеңес беруді бастады. Алдағы уақытта қаламыздағы қалған 4 ауданда осындай жиын өткіземіз. Жалпы бұл бастама жыл соңына дейін жалғасады», – дейді ол.

Мобильді топ Сарыарқа ауданында орналасқан ірі сауда ойын-сауық орталығында болды. Олар елордалықтарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Өзін мазалаған сауалдарға жауап алғандардың бірі – Айнұр Алпысбаева.

«Бұл бастама елордалықтар үшін үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Себебі бұл жерде нақты сала мамандары отыр. Олар тұрғындарға тегін кеңес беріп жатыр. Мысалы мен алдымен адвокаттан кеңес алып, әрі қарай заңгермен сөйлестім. Олар сұрағым бойынша барлығын түсіндіріп, мәселені шешу үшін әрі қарай не істеу керек туралы нұсқаулық берді. Кездейсоқ көріп қалып, өз сұрағыма жауап алғаныма қуаныштымын», – дейді елордалық А. Алпысбаева.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button