Отбасылар жүгіріп жарысты

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен отбасы дуатлонына 60-тан аса отбасы қатысты. Триатлон саябағында, қатысушылардан бөлек, жанкүйерлер де көп болды.
Сайыстың ашылу салтанатына Спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин жарыс ережесімен таныстырды. Сонымен қатар шара аясында велосипедке мінген ата-аналар мен балалар фитнес жаттықтырушылардың жетекшілігімен жаттығу жасап, жарыс алдында бір ширап алды.
Еңсеретін қашықтықтың жалпы ұзындығы 4,4 шақырымды құрады. Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өткізілді.
Балалары 8-9 жас аралығындағы отбасылар арасында Вишнековтер бәрінен озса, 10-11 жас аралығында Пономаревтер отбасына тең болатындар табылмады. Ал 12-13 жас аралығында Толтебаевтар отбасы бірінші орын алды.
Жеңімпаздарды марапаттау және құттықтау салтанаты лотерея ұтысымен жалғасты. Яғни жарысқа қатысушылар арасында ойнатылды.