Ел тынысы

Күрес қарқыны артты

Ел Үкіметі су тасқынымен күрес қарқынын арттыра түсуде. Үкімет Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлеріндегі ауқымды су тас­қынын болдырмау және оның салдарын жою үшін қажетті күштер мен құралдарды жұмылдырды.

Бүгінгі таңда апатты-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, әкімдіктер мен ұйымдардан тәулік бойы 34 мыңнан астам адам, 4 мыңнан астам техника, 890 сорғы және 335 жүзу құралы, 19 әуе кемесі тартылды.

Су тасқыны басталғалы бері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Түркістан және басқа облыстардан 1 мыңнан астам арнайы техника мен жеке құрам жіберілді. Бүгінде зардап шеккен өңірлерге қосымша 500-ден астам арнайы техника жолға шықты. Олар 2 тәулік ішінде жетуге тиіс.

Жергілікті жерлерде өзендер мен су айдындарының жанында орналасқан елді мекендерді қызыл судан қорғау бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Қорғаныс құрылыстары мен бөгеттер салынып, еріген қар суын шығару қолға алынып, инертті материал толған қапшықтар төселуде. Аэровизуалды тексеру мен дрондардың көмегімен өзендердегі және су қоймаларындағы жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button