Білім

Республикалық байқауда топ жарды

Астаналық педагогтар Алматы қаласында бастауыш сынып педагогтары арасында өткен «Әдістемелер» байқауының республикалық кезеңінде жеңімпаз атанды.

«Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасының әдістемелік компонентін жетілдіру және ұлттық мәдениет пен әдет-ғұрып­қа қызығушылықты қалыптастырып, үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Бұл байқауға Астана, Алматы қалаларының жеңімпаздары қатысып, өз жұмыстарымен таныстырды.

Байқауға ұсынылған жұмыс­тар «дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасына тақырыптық сәйкестігі, жаңашылдық және өзіндік ерекшелігі, методологиялығы, технологиялығы, тиімділігі бойынша бағаланды. Байқау нәтижесінде Астана қаласындағы Ш.Құдайберді атындағы №56 мектеп-лицейінің педагогы Айдана Серікбаева бас жүлдені иеленді. Ал №44 Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебінің педагогы Салтанат Жәкішева және №64 мектеп-лицейінің педагогы Кәмшат Тәжібаева III орын алды.

Одан бөлек, оқушылардың тамақтану мәдениетінің негіздерін қалыптастыру мақсатында «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Жас аспазшылар» онлайн республикалық байқауы өтті. «Менің елімнің аспаздық дәстүрлері» мен «Бүкіл әлем бойынша аспаздық саяхат» атты екі кезеңнен тұратын байқауға Астана қаласы бойынша он бір педагог қатысып, жұмыс­тарын жолдады. Байқаудың нәтижесі бойынша Ж.Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясының Эльвира Өтешова мен М.Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының педагогы Аяулым Кемелова жеңімпаз деп танылды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button