Білім

Менің арманым

Санаулы күндерден кейін, алтын ұя – мектебімізбен қоштасамыз. Үлкен өмірге қадам басамыз. Мен журналист мамандығын таңдап қойдым. Осы бір қиын да қызықты маман иесі атанғым келеді, оған сенімім зор.

қоштасудың сағатын болдырмай, әлі мектеп оқушысы болып жүре берер ме едім? Себебі мектептегі күндерім – менің өмірімде үлкен орны бар. Тұлғалық дамудың мекені десем, артық айтқаным емес. Жан-жақты болуға, Отансүйгіштікке тәрбиелеген, сонымен қатар өз ісіңе, айналаңа адалдықты үйреткен – екінші үйім.

Ал енді мені алда жаңа асулар мен көкейімді тесіп, орындалуға асығып тұрған армандарым тұр. Қазағымыз «армансыз адам – ормансыз бұлбұл» деп бекер айтпаған. Расында да адам баласының арманы көп болады емес пе? Кішкентай бала ойыншық немесе тәтті кәмпитті армандаса, жасы келген қария балалары мен немерелерінің саулығын тілейді.

Арман ол бізді дамытушы, жетер жолға бағыттау­шы секілді. Көздегенімізге жетпегенше ол біздің ойымыздан кетпейді. Сәйкесінше менің де жүрекжарды армандарым бар. Өз арманым жайлы айтатын болсам, мен өзімнің бала күнімнен армандап келе жатқан «журналист» мамандығы бойынша дәріс алып, елімнің қалаулы, абыройлы және ең бастысы, дара жолды журналист болғым келеді. Шынайы болып, өзекті ақпараттармен бөлісіп, артымдағы іні-сіңлілеріме үлгі болғым келеді. Жастардың тіл тазалығына аса қатты мән беріп, оларды ел жанашыры болуға тарту ең басты – мақсатым. Осындай армандардың пайда болуына, біздің терең тарихымызбен, Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның «Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» деген қанатты сөзі ықпал еткендей. Ата-бабамыз, біздің көк аспан астында, тәуелсіз халық болып өмір сүруіміз үшін өмірлерін құрбан етуге дайын болды. Ал мына біздер, артымыздан келе жатқан, келешек ұрпаққа қандай мұра қалдыра аламыз? Өзіміз көріп жүргендей, материалды құндылықтарды бірінші орынға қойып, адамгершілікті, адалдықты ұмытып бара жатқан адам қаншама?! Дәл осы себеппен мен адами құндылыққа бағытталған, даму үрдісімен жүретін және өздерінің ата-тегін, тарихын айқын білетін ұрпақтарды армандаймын. Армандап қана қоймай, сол жолда еліме қыз­мет етуге дайынмын!

Алуа ӘШІРБЕКОВА, Астана қаласы ­Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-

лицей түлегі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button