Ел тынысы

Еріктілер қол ұшын созды

«Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері табиғи апатпен күрес шараларына қол ұшын созуды жалғастыруда. Елордалық рухтастар Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы тасқын судың алдын алып, бөгеттер құру жұмысына жұмылдырылды. Олар үш күн бойы қарғын сумен күресті.

Батысқазақстандық еріктілер де зардап шеккен тұрғындарды орналастыруға эва­куация пункттерінде орындар дайындап, суға кету қаупі бар аумақта алдын алу жұмысын жүргізіп жатыр. Құм қапшықтарын орналастырып, бар көмегін аямауда. Сондай-ақ «Asarume» қорының қол­дауымен тұрғындарға қажетті заттармен қатар, арнайы техника, мотопомпа, моторлар да келіп жетті. Волонтерлер гуманитарлық көмекті түсіру, сұрыптау, үлестіру жұмыс­тарына атсалысуда. Ақмола облысында жастар қанатының 500-ге жуық волонтері табиғи апатпен күрес іс-шараларына өз үлесін қосуда. Олар жиналған гуманитарлық көмекті зардап шеккен тұрғындарға үлестіруде.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button